​“ШЫМКЕНТ СИТИ” САЯБАҒЫНДА ЗАҢСЫЗ САУДА ЖАСАҒАН 30 АЗАМАТҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

0
213


​“ШЫМКЕНТ СИТИ” САЯБАҒЫНДА ЗАҢСЫЗ САУДА ЖАСАҒАН 30 АЗАМАТҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Шымкент қаласындағы жаңадан ашылған саябақта ретсіз саудаға қарсы жұмыстар жүруде.

Ретсіз сауданы жою мақсатында Абай ауданы әкімдігі мен тәртіп сақшылары тарапынан жақында ашылған “Шымкент сити” саябағында күнделікті рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінге дейін ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орында ретсіз сауда жасағаны үшін 25 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 30-на айыппұл салынды.
Қала әкімдігі тұрғындарын заңға бағынып, тек ресми сауда-саттыққа рұқсат берілген орындарда ғана сауда жасауға шақыралы.
Әрбір тұрғын қаланың көркейіп, гүлденуіне бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарын тек арнайы орынға тастаса ғана тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлес қоса алады.
Бөлісу