ШЫМКЕНТ: Су тасқынының алдын алуға қызу дайындық жүріп жатыр

0
491

Қаланың қауіпті аймақтарындағы су тасқынына қарсы жұмыстар тікелей бақылауға алынды.


ШЫМКЕНТ: Су тасқынының алдын алуға қызу дайындық жүріп жатыр

Шымкент қаласында су тасу қаупінің алдын алу жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала басшысы Төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне арнайы техникалардың дайындығын пысықтап, тиісті шараларды шұғыл жүзеге асыруға сақадай сай болуды тапсырды. Қаланың қауіпті аймақтарындағы су тасқынына қарсы жұмыстар тікелей бақылауға алынды.

Қазіргі уақытта қаламыздағы аудандардың көшелерінің тазалығына жауапты мердігер мекемелер тәулік бойы жол жиектеріндегі мұздарды, арықтардағы қарларды тазалап, қала сыртына шығару, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын қардан тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Сондай-ақ, су тасқыны бола қалған жағдайда бөгет жасауға қажетті құмды қаптарға салу жұмыстары да жүргізілді. Аталған жұмыстарға әскерилер жұмылдырылды.