​ШЫМКЕНТ: Табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды

0
515

Жыл соңына дейін тағы жеті тұрғын алап пен шағынауданды газбен қамту жоспарланып отыр.


​ШЫМКЕНТ: Табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бүгін «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кездесу барысында газ саласындағы ынтымақтастық және индустриялық аймақтардағы жаңа инвестициялық жобаларды газбен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Бүгінде Шымкентте табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы жеті тұрғын алап пен шағынауданды газбен қамту жоспарланып отыр. Тағы бір айтатын жайт, бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан индустриялық аймақтарда өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясын салу мүмкіндігі қарастырылды.

Қала басшысы сондай-ақ газ саласы мамандарының біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін растау бойынша “QazaqGaz” корпоративтік оқу орталығының ашылуына қатысты.

Бұған дейін қала басшысының тапсырмасы бойынша газ жабдықтары мен инженерлік жүйелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалалық газ техникалық қызметі құрылған болатын.

Осыған байланысты шаһар басшысы салалық басқарма басшылығына газ техникалық қызметі мен газды пайдаланатын барлық ведомстволық ұйымдардың қызметкерлерін осы оқу орталығында оқытуды ұйымдастыуды қолға алуды тапсырды.