​ШЫМКЕНТ: Талантты жастар мемлекеттік қызметтің төрінде

0
2 747


​ШЫМКЕНТ: Талантты жастар мемлекеттік қызметтің төрінде

Шымкент қаласында 29 жасқа дейін 409 жас мемлекеттік қызметшілер жұмыс істесе, оның ішіндегі 30 жас мемлекеттік қызметші басқарушы лауазымдарда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2018 жылғы халыққа арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды.

Бүгінде тәуелсіз елдің тірегі, талантты жастар өз болашағын жарқын етуге дайын. Осындай күш жігері тасыған, талантты жастар мемлекеттік қызметке өте қажет.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің есебі бойынша бүгінде Шымкент қаласында 29 жасқа дейін 409 жас мемлекеттік қызметшілер жұмыс істесе, оның ішіндегі 30 жас мемлекеттік қызметші басқарушы лауазымдарда.
Солардың бірі – Бекбол Аманжол Бақытжанұлы. 28 жасында Шымкент қаласындағы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарады. Мемлекеттік органға 2013 жылы нұсқаушы болып орналасқан азамат 1 жылға жуық келісім-шарт негізінде қызмет атқарып, мемлекеттік қызметке орналасқан. 6 жылдың ішінде меритократия қағидатымен сатылап өскен мемлекеттік қызметшілердің бірден-бір көрсеткіші болып табылады.