Аталған тұрғын алап электр жарығымен толық қамтылған.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу тұрғын алабы табиғи газбен толық қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Текесу тұрғын алабында 600-ге жуық тұрғын қоныстанған. 1 мектеп, 1 амбулатория жергілікті халық игілігіне қызмет етеді. 1 спорт алаңшасы орнатылған.
Аталған тұрғын алап электр жарығымен толық қамтылған. Ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленіп, бюджетке ұсынылды.
Билайн және Актив интернет желісі станциясы орнатылған.
Ақсай және Көлді көшелерін асфальттау жұмыстары 2023 жылдың жоспарына енгізіледі.