ШЫМКЕНТ: төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын арттырды

0
114


ШЫМКЕНТ: төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын арттырды

2024 жылғы 16 тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша қалалық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында маңызды мәселелер талқыланып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары, aзаматтық қорғаныс полковнигі Еркін Отарғалымұлы мен Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абдинуров Малик Құттымбетұлы БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

Спикерлердің сөзінше, 2024 жылғы 1 қазаннан бастап елімізде жылыту маусымы басталғалы өкінішке орай, осы уақытқа дейін 4 өрттен топтық адам өлімі тіркеліп, 17 адам, оның ішінде 6 бала қайтыс болған. Атап айтқанда, 2024 жылғы 11 қазанда Қостанай облысы Жітіқара қаласында 5 бала қайтыс болған қайғылы оқиға орын алды. Бұл отбасы әлеуметтік осал топтар тізімінде тұрған.
Осы оқиғалардың алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылды:
• Әлеуметтік желілерде 138 ақпараттық материал, бұқаралық ақпарат құралдарында 34 жарияланым шықты.
• Қала аумағында 150 рет дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
• 3812 қатты отынмен жылытылатын тұрғын үй араланып, 7 мыңнан астам адамды қамтитын түсіндіру жұмыстары өткізілді.
• 1500 оқушыны қамтитын 42 интерактивті сабақ ұйымдастырылды.
Әлеуметтік жағдайы төмен 2222 отбасыға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 8714 адамға жадынама парақшалары таратылды. 334 отбасы қайта араланып, 89 үйге газанықтағыш құрылғылар орнатылды. Сондай-ақ, 80 үйдің түтін мұржалары тазартылған. Жеке кәсіпкерлермен және әкімдіктермен меморандум арқылы 125 газанықтағыш құрылғылар сатып алынған.
Бөлісу