ол инфрақұрылымын абаттандыру барысында қозғалысқа қатысушылардың барлығына қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға басымдық берілген.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты.
Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, бастапқыда 2020 жылы аяқтау жоспарланған болатын. Алайда құрылыс бірнеше жылға созылып, негізгі жол салу тек биыл толық орындалды. Қазіргі уақытта көшеге іргелес аумақ абаттандырылуда.
Көшенің ені – 60 метр. Мұнда асфальтбетон жабыны төселіп, тротуарлар мен веложолақ салынды. Жол инфрақұрылымын абаттандыру барысында қозғалысқа қатысушылардың барлығына қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға басымдық берілген.
Жаңа көше шағынауданның дамуы үшін маңызды. Ол көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелермен байланысты жеңілдетеді және қаланың осы бөлігін одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндік береді.


