ШЫМКЕНТ: Тұрандағы «Әдия» тұрғын кешеніне автобус жүре бастады

0
1 868

Жаңа бағыт бойынша автобустар 5-10 минут аралығында жүріп жатыр.


ШЫМКЕНТ: Тұрандағы «Әдия» тұрғын кешеніне автобус жүре бастады

Тұрғындары «Көшеге шығу үшін топырақ кешеміз» деп шағымданған «Әдияға» қоғамдық көлік қатынай бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласы Тұран мөлтек ауданындағы «Әдия» тұрғын кешенінің тұрғындары жаңа үйлерге қоныстанғанына бір жылдан асса да, ешқандай автобус жүрмейтінін, көшеге шығу үшін бір жарым сағат топырақ кешетінін айтып, шағымданған еді.


Сондай-ақ, біраз уақыт бұрын Шымкент әкімі Е.Айтаханов аталған тұрғын кешенінің тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық көлік жүргізуге уәде беріп кеткен. Нәтижесінде, Тұрандағы «Әдия» мен қала орталығына 2019 жылдың 16 қазан күнінен бастап №171-бағыттағы жолаушылар автобусы қатынай бастады.


Айта кетейік, бұл бағыт бойынша әзірге 5-10 минут аралығында 5 автотобус қызмет көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, тұрғындар өтінішіне сай алдағы уақытта тағы да бірнеше қоғамдық көлік қосылатын болады.