ШЫМКЕНТ: тұрғын алаптарына оптикалық желі тартылуда

0
401

Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабын талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтыды.


ШЫМКЕНТ: тұрғын алаптарына оптикалық желі тартылуда
Шымкент қаласындағы шалғай елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл сәуір айында қалалық цифрландыру басқармасы 4 инвестормен меморандум жасасып, жыл соыңна дейін 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жүргізді.
Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр қалада 14 елді мекен талшықты-оптика желісімен қамтылса, биыл бұл жүйені 20 елді мекенге тарту жоспарлануда.
Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 ,Самал 1, Самал2, 112, кіші Самал, Тассай тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар басталып кетті.
Тиісті басқарма жеке инвесторлармен бірлесе жуырда Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабын талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтыды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар. Сонымен қатар, биыл қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, қазір осы бағытта тиісті шаралар атқарылуда. Базалық станция орнату үшін қала аумағында бос жер телімдері белгіленген.

Айта кетсек, қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптыларға елдімекендердегі байланыс пен интернет жылдамдығынына жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескерткен болатын. Талдау қорытындысына сәйкес қаланың ерекшелігін ескере отырып, кешенді жоспарды бекітуді де тапсырған.

Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен сәуір айындағы Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру және инфляцияны төмендету жөніндегі кешенді шаралар қаралған болатын. Отырыста халықты 100 Мбит/с деңгейіндегі интернет желісімен қамтуды көздейтін ұлттық жобаны іске асыру тетіктері пысықталған. Үкімет басшысы байланыс операторларының жауапкершілігін арттыра отырып, ел аумағында байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының мониторингін күшейтуді тапсырған еді.