ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіндегілер жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатыса алады

0
533

Сондай-ақ кезектегілер «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу арқылы баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі бар.


ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіндегілер жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатыса алады

Бүгін Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев сәрсенбі күнгі азаматтарды кезекті қабылдауы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түске дейін 40-қа жуық азаматтың баспана мәселесіне қатысты өтініштерін тыңдап, оларға заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Азаматтарды қабылдау барысында тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік әлсіз топ мүшелері және бюджеттік ұйым қызметкерлері санатында тұрған тұрғындардың өтініштері қарастырылды.
Тұрғын үй кезегіне тіркелудің тәртібіне қатысты жүгінген азаматтарға кезекке тіркелудің талап-шарттары түсіндірілді.
Басқарма басшысы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек реті бойынша берілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ кезектегілер «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу арқылы баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Ғ.Утенбаев тұрғындардың мәселесін жеке тыңдап, сала мамандарына тапсырмалар беріп, өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді. Аталған азаматтарды қабылдау түскі үзілістен кейін өз жалғасын таппақ.