Шымкент қаласында тұрғындар шағым айтқан көпқабатты үйдің лифті ауыстырылды.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Нұрсат тұрғын алабындағы № 144-145 көпқабатты үйлердің тұрғындары қала әкімінің жеке қабылдауында болып, лифтілерге қатысты шағымданған болатын. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үйлерде 2 лифтіні толық ауыстыру және 2 лифтіге күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың қараша айында басталған.
Бүгінгі таңда тұрғын үйлерде 2 лифтті ауыстыру жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар аталған тұрғын үйлердегі қалған 2 жеделсатыны жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сынақ жұмыстары жүргізілетін болады.
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан лифтілерді пайдалануға беру алдында комиссия мүшелерімен толық техникалық куәландыру жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.