Бұл мәселе тұрғындар және басқарма өкілдері қатысқан жиында шешілді.
Шымкент қаласы Тассай тұрғын алабына жаңа қоғамдық көлік бағыты ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, Шымкент қаласы Тассай тұрғын алабындағы жаңақұрылыс аумағының тұрғындары жаңа автобус бағытын ашып беруді өтінген. Нәтижесінде, тұрғындар және Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі мен Автомобиль жолдары басқармасы өкілімен бірге қоғамдық көлік бойынша жиналыс өткізілді.
Сондай-ақ, жиналыс қорытындысы бойынша, №120 автобус Тассай тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағына жүргізілетін болды.