Шымкент тұрғындарының 27,5 пайызы онлайн санақтан өтті

0
726

Онлайн-санақтан өткендер саны бойынша Қаратау және Абай аудандары жетекші орында.


Шымкент тұрғындарының 27,5 пайызы онлайн санақтан өтті

Шымкент қаласында 302 015 адам яғни, тұрғындардың 27,5 пайызы онлайн санақтан өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінге дейін дәстүрлі санақ барысында 404 666 азамат тіркеліп, жалпы қалада ұлттық санаққа қатысқан халықтың үлесі 64,3 пайызды құрады.

Қазір қалада 172 нұсқаушы-бақылаушы жəне 1 207 интервьюер үйлерді аралап, тікелей халық санағын өткізуде. Тұрғын үйлерге барған интервьюерлерде халық санағының логотипі бар куәлік, сөмке, мойын орағыш болуы міндетті. Науқан барысында олар қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі де қаралған.
Биыл 15 қазанда онлайн-санақ аяқталды. Интернет желісі арқылы жүргізілген санақ 1 қыркүйекте басталып, 45 күнге жалғасты. Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, онлайн-санақтан өткендер саны бойынша Қаратау және Абай аудандары жетекші орында.
Науқанның онлайн түрінен өтпеген азаматтар интервьюерлердің сауалдарына жауап бере отырып,дәстүрлі санақтан өтетін болады. Ұлттық халық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы тәулік бойы жұмыс жасауда. Ақпарат орталығына қоңырау шалу тегін.
Ел үшін айрықша маңызды науқан қорытындысы қаланың экономикалық, демографиялық және әлеуметтік жағдайды көрсетеді. Алынған деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің объективті қалыптасуына негіз болмақ.