Бұл балықтардың ұзындығы 108 см-ге, ал салмағы 40 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Тістері квадратты келеді және адамдікіне өте қатты ұқсайды.
ERNUR.KZ. Шымкенттік тұрғын Бадам өзенінен ерекше балық аулады, деп жазды otyrar.kz.
Балықшы жем ретінде күнжара мен жүгеріні пайдаланған. Аулап алған ерекше балықты ол мөңке балықтың үлкен түрі деп ойлаған. Алайда оның аузын қарағанда мүлде басқа балық екенін түсінеді.
«Балық өте үлкен. Көлемі 5 литрлік бөтелкемен бірдей. Салмағы – 1300 гр. Ақтабан балығына ұқсайды. Желбезектері қызыл түсті. Аузын ашып қарасам, тістері 5 жастағы баланікіндей екен. Тіпті өзім де шошып кеттім», – дейді Жеңіс Үзденбаев.
Таныстарының айтуынша, бұл балық сәулежүзбе қанаттылар тобына жататын паку тұқымынан болуы мүмкін. Олар негізінен Амазонка және Ориноко өзендерінің бассейнінде жүреді. Бұл балықтардың ұзындығы 108 см-ге, ал салмағы 40 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Тістері квадратты келеді және адамдікіне өте қатты ұқсайды.
Бұл балықтардың жақтарының күші соншалық, олар жаңғақтарды оңай шаға алады. Бұл балықтар ағаштардан құлап, су бетінде қалқыған жемістер мен жаңғақтарды жеуге бейім, ал кейбір жағдайларда олар суда жүзіп жүрген ер адамның аталық бездеріне оларды жаңғақ депа ойлап, шабуыл жасайтын көрінеді.