ШЫМКЕНТ: Үлескерлердің қаражатын рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады

0
611

Көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.


ШЫМКЕНТ: Үлескерлердің қаражатын рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» ҚР-ның заңнамасында, үлескерлердің қаражатын рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл ретте кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін:
- Бірыңғай оператордан кепілдік алу;
- екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
- көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. Құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөнінде осы Заңның талаптарын бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз деп танылады.
Айта кетейік, үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ мен Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм) орналасқан.