ШЫМКЕНТ: Ұлттық домбыра күніне орай гала-концерт өтеді ​

0
746


ШЫМКЕНТ: Ұлттық домбыра күніне орай гала-концерт өтеді ​
Гала-концерт 7 шілде күні 19:00-де «Shym City» шағын ауданындағы жаңадан ашылған саябақта өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Құрметті қала қонақтары мен тұрғындары!

Сіздерді 7 шілде күні 19:00-де «Shym City» шағын ауданындағы жаңадан ашылған саябақта өтетін Ұлттық домбыра күні мерекесіне арналған «Ұлттың рухы - Домбыра» атты мерекелік гала-концертке шақырамыз!
Концерттік бағдарламада төрт мың жылдық тарихы бар халқымыздың ұлттық аспабы домбыраның шанағынан төгілген күйлер мен ұлттық әндер орындалып, Домбырашылар ансамблі шығармашылық үйірмелерінің 400-ге жуық домбырашылары өнер көрсетеді.

Ұлтымыздың рухы болған Ұллтық домбыра күнін бірге тойлайық!