Күдіктілерлі ұстау кезінде ұландық қолын жарақаттап алған екен, бірақ соған қарамай, полиция қызметкерлері келгенше олармен арпалысқан.
2021 жылдың 13 ақпаны күні еңбек демалысында жүрген 6506 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі жас қызды ойы бұзық екі ер адамнан құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ұлттық ұланының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Оқиға сағат 00.40 шамаларында Жібек жолы көшесінің бойында болған. Үйіне келе жатқан Артем қатты айқайлап көмекке шақырған әйел адамның даусын естіп, ойланбастан дауыс шыққан жаққа ұмтылады. Еңгезердей екі ер адамның жас қызға күш көрсетіп, зорлауға әрекет жасап жатқанын байқаған Артем бірден олармен арпалыса кетеді. Бұзақылардың біреуін шетке лақтырып тастап, екіншісімен төбелесе жөнеледі. Жекпе-жек ұрыс тәсілдерін қолдана отырып, бұзақыны жерге құлатып, үстінен басып отырады, ал екіншісі сол мезетте оқиға орнынан қашып үлгереді" - делінген хабарламада.
Ұсталған азаматты оқиға орнынан полиция қызметкерлері алып кеткен. Ол Шымкент қаласының Еңбекші аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
"Мен қыздың айқайлаған дауысын естіген кезде, ойланбастан бірден сол жаққа жүгірдім. Менің ойымша әрбір азамат тура осылай жасар еді", - дейді Артем Калашников.
Күдіктілерлі ұстау кезінде ұландық қолын жарақаттап алған екен, бірақ соған қарамай, полиция қызметкерлері келгенше олармен арпалысқан.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, екінші күдікті іздестірілуде.