ШЫМКЕНТ: заманауи үлгіде жаңғыртудан өткен музейде 16 мыңнан астам экспонат жинақталған

0
298

Өткен жылы музейді заманауи стандарттарға сәйкес жасақтау мақсатында қайта жаңғыртудан өткізді.


ШЫМКЕНТ: заманауи үлгіде жаңғыртудан өткен музейде 16 мыңнан астам экспонат жинақталған

ERNUR.KZ. Шымкент қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент қалалық Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің тыныс-тіршігімен танысты.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай облыстық Тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып ашылды. Ал 2002 жылы облыстық «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» МКҚК болып құрылды. Елімізде тұңғыш рет саяси бағыттағы қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға арналып ашылған мұражай 2018 жылы Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне берілді.
Өткен жылы аталған музейді заманауи стандарттарға сәйкес жасақтау мақсатында қайта жаңғыртудан өткізді. Нысан үш залдан тұрады: экспозициялық зал, «тағзым» залы және кино залы. Мұражайда 16 535 экспонат бар. Ғимараттың жалпы көлемі – 737,50 шаршы метр, территория аумағы 0,37 гектарды құрайды. Мұнда 34 қызметкер жұмыс істейді.

Мұражайдың мақсаты — алмағайып кезеңде қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар жайында жан-жақты мәлімет жинап, оны ұрпаққа таныстыру және насихаттау.

Музейдің директоры Мария Келесқызының айтуынша, мұражай қайта жаңғыртудан өткізілгеннен кейін келушінің саны күрт артқан. Оның ішінде биыл жаз мезгілінде 800-ге жуық шетелдік музейдің тыныс-тіршігімен танысқан.
Қала әкімі мұражайдың жай-күйін мұқият бақылаған соң, тақырыпқа сай қандай фильмдер бар екеніне қызығушылық білдіріп, арнайы келіп тамашалайтынын жеткізді.