Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары Астана даңғылы, 084-орам, №712-құрылыс мекенжайында орналасқан “Жеке қосалқышаруашылық және тұрғын үй құрылысы үшін” берілген нысанның заңсыз екенін анықтады.
Тиісті хаттама толтырып, сотқа жолдады.
Сот алқасының қаулысы негізінде жеке кәсіпкер кінәлі деп танылды және жер теліміндегі заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу бойынша шешім шығарылды. Ал кәсіпкер нысанды өз еркімен бұзып алатынын мәлімдеді.
"Шымкент қаласының тұрғындарынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастамас бұрын тиісті құжаттарды заңдастырып алуды сұраймыз", - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі