ШЫМКЕНТ: Жалақыны уақытылы бермеген басшының үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
1 338

Мекеме басшысы жұмысшылардың жалақысын басқа мақсаттарға жұмсап келген.


ШЫМКЕНТ: Жалақыны уақытылы бермеген басшының үстінен  қылмыстық іс қозғалды

фото: иллюстрациялық

Шымкент қаласында жұмысшылардың еңбек құқықтарын аяқасты етіп, бір емес бірнеше рет толық әрі уақытылы айлық бермеген мекеме басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оған ҚР ҚК нің 152 бабы, 3-ші бөлігімен айып тағылған. Қылмыстық іс Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасының өндірісінде қаралып жатыр. Бұл Шымкент прокурорларының қадағалауымен анықталған жағдай.

Жалпы, жыл басынан бері үш айдың ішінде Шымкент қаласының прокуратурасымен 6 кәсіпорында 2017 жылдың желтоқсан-2018 жылдың қарашасы аралығында 816 қызметкердің 117 млн. теңгеге жуық қалыптасқан жалақы қарызының төленуі қамтамасыз етіліпті.

Осылайша, Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізген жұмыстарының нәтижесінде «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-і 66 млн. теңгеге 365 қызметкердің жалақы қарызын төледі.

"Банкроттық сараптама жұмыстарының нәтижесінде, прокурорлармен анықталған «Нарде» ЖШС-нің бірқатар мүлктері аукцион арқылы заңды тұлғаға сатылып, алынған түсім 37 жұмыскердің алдындағы 4,6 млн. теңге жалақы қарызын өтеуге жұмсалды.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қадағалау қала прокуратурасының тұрақты бақылауында",
- деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.