Мемлекет тарапынан қазақша контентті дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр.
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Blogcamp: жазғы мектеп» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
2019 жылдың 24-25 тамыз күндері Түркістан облысы, «Біркөлік» шатқалындағы медиа өкілдерінің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шараға өңірлік жас тілшілер мен блогерлер қатысып, спикерлер аталған саладағы өзекті тақырыптар бойынша дәріс оқыды.
Сондай-ақ, «Blogcamp-ке» жиналған 50-ден астам жастардың арасында қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, БАҚ өкілдерінің кәсібилігі мен сөз бостандығы секілді маңызды мәселелер талқыланды.
Айта кетейік, 2 күн бойы өткен басқосуда жас тілшілер мен болгерлердің қарым-қатынасын нығайту, жақын танысу мақсатында да көңілді іс-шаралар өтті.