ШЫМКЕНТ: Жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы артып отыр

0
2 095

Шымкенттік жастар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жұмысымен танысты.


ШЫМКЕНТ: Жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы артып отыр

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Аталған шараға жастар, мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері мен бітіруші түлектері, қоғам өкілдері қатысты. Шара барасында жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қызметімен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының және тестілеу залының жұмысымен департамент басшысының орынбасары Айбек Шілманов таныстырып, экскурсия өткізді.

«Ашық есік күні» шарасының мақсаты - дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту, сондай-ақ жұртшылықты Агенттіктің халық алдындағы есебі, қызметінің ашықтығы және де айқындылығын көрсету болып табылады.

«Бүгін біз мемлекеттік қызметке бір қадам жақындай түстік. Департаменттің ашық есік күні бізге мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы игі бастамаларды жүзеге асыру тетіктерін түсінуге мүмкіндік берді» - деді студент Тлеухан Көпбай.

Сондай-ақ, Департамент басшылығы сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырып, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда Агенттіктің 1424 Call-орталығына, мемлекеттік қызметке қатысты ұсыныстар мен сұрақтарды Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына немесе memkyzmet.kz сайтына жолдауға болатынын хабарлайды.

Айта кетейік, осы тұрғыдағы іс-шаралар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен республика деңгейінде өткізілуде.