Үшінші мегаполис жастарының назарына!
Шымкент қаласы әкімдігі 2019 жылы 11-20 желтоқсан аралығында жастарға жалға берілетін тұрғынжайларға өтінімдер қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы әкімдігі 2019 жылы 11-20 желтоқсан аралығындағы жұмыс күндері сағат 9:00 мен 19:00 аралығында Жастар жылы аясында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларға өтінімдер қабылдайды.
Өтінімдер:
- жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған;
- Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;
- Соңғы 2 жылда тұрғын үйге меншік құқығы тіркелмеген;
- Ай сайынғы табысы 40 АЕК (101 000 теңге) кем емес және банктегі жинақ (депозиттік) шоты бар жастардан қабылданады.
Ескертпе: егер құжат тапсырушы үміткердің айлық табысы 40 АЕК-тен кем болса, ол кепілдік беруші тұлға ретінде жұбайының/зайыбының табысын ұсына алады. Тұрғынжайлар сатып алу құқығынсыз 5 (бес) жыл мерзімге жалға беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін төмендегі құжаттарды:
1) Нысан бойынша өтініш;
2) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса);
6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) жұмыс орнынан анықтама;
8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар
10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттарды (бар болса) ұсынуыңыз қажет.
Құжаттар Шымкент қаласы, Республика даңғылы 12а ғимаратының 1-қабатында қабылданады.
Байланыс телефондары: 24-74-85