Тиімді медициналық-санитарлық алғашқы көмек халық денсаулығын жақсартуды, пациенттердің қанағаттанушылығын және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жалпы шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді.
Шымкентте Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының медициналық персоналын бейінді қызметтердің мамандарымен міндетті түрде бірлесіп оқытуға және көмек көрсету кезінде олардың өзара іс-қимылына және сабақтаса жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасалып келеді.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) жалпы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Тиімді медициналық-санитарлық алғашқы көмек халық денсаулығын жақсартуды, пациенттердің қанағаттанушылығын және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жалпы шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді.
Нақтырақ айтсақ, қаладағы Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында жұмыс атқаратын жедел медициналық жәрдем көрсету фельдшерлеріне семинар өткізілді. Семинарға 117 фельдшерлер қатысып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды.
Семинардың негізгі мақсаты - фельдшерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру. Семинар барысында жедел жәрдемде кездесетін күрделі жағдайлар талқыланып, тәжірибелік жаттығулар өткізілді. Бұл шара медицина мамандарының білімі мен тәжірибесін арттыруға және тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге бағытталған.
Тәжірибе барысында мамандар асқазан зондын қою техникасын, зәр шығару катетерін қою техникасын, перифериялық веноздық катетерді енгізу алгоритмі және ұзақ мерзімде ауырған науқастарға трахеостомиядан кейінгі күтім жасау тәжірибелерімен алмасты.
Білікті мамандар басқосқан семинарда тәжірибе жинақтаған фельдшерлер алған тәжірибелерін күнделікті жұмыстарында тиімді пайдаланатындықтарын жеткізді.