Заңгерлік кеңес 13 тамыз күні өтеді.
Шымкент қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлардың қатысуымен халыққа заңгерлік кеңес беру жоспарлануда.
Заңгерлік кеңес 13 тамыз күні өтеді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат қажетті құқықтық көмек ала алады.
Өтетін орны - Еңбек мобильділігі орталығы (С. Бәйтереков көшесі, № 89), сағат 11.00-де.