Заңсыз жер қойнауын пайдалану ҚР Қылмыстық Кодекс туралы заңының 334 бабына сәйкес, тиісті жауапкершілікке тартылатын ескертеміз.
Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың әрекеті тағы да әшкере болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы Бадам өзенінің жағалауында заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға 6 қазан күні түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылған болатын.
Іс-шара барысында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың бір дерегі анықталды. Заңсыз әрекетке барған азамат ауыр жүк көлігімен ұсталды. Іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Е. Заңкоев және учаскелік полиция қызметкерлері қатысты. Орын алған жағдай бойынша заңды шешім қабылдау туралы аудандық полиция басқармасына іс-құжаттары жолданды.
Аудан әкімдігі мамандарының айтуынша, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
Заңсыз жер қойнауын пайдалану ҚР Қылмыстық Кодекс туралы заңының 334 бабына сәйкес, тиісті жауапкершілікке тартылатын ескертеміз.