ШЫМКЕНТ: ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылғандардан коронавирус анықталды

0
763

Шымкент қаласында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 233 адамға жетті.


ШЫМКЕНТ: ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылғандардан коронавирус анықталды

Соңғы мәліметтер бойынша Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 4 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырған 1987, 1988, 1994 жылы туған азаматтар ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған және 1955 жылы туған ер кісі өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

10.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 233 адам анықталды.