Бұл туралы Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Шымкент қаласында жылыту маусымында газ қолдануға қатысты оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы брифинг барысында мәлімдеді.
– Аталған профилактикалық жұмыстың мақсаты – қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін газдың салдарынан орын алатын оқыс оқиғалардың алдын алу және жауапкершілікті арттыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында Шымкент қаласында тіркелген 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал, түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар, - деді ол.
Спикердің айтуынша, үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері еңгізіліп, іске қосылды. Аталған бағдарлама арқылы үй-ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келісім шартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар. Тұрғындар қызмет көрсететін мекемені өздері таңдап,онлайн түрде келісім-шарт жасай алады.
Айта кетейік, қала аумағында әлеуметтік инфрақұрылымға жататын газ тарату жүйелерінің объектілері бар ұйымның келiсiмiнсiз газ құбырларының күзет аймақтарын бүлдірген 12 жеке және заңды тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 305-бабына сәйкес (95 АЕК- 290 985 теңге) айыппұл салынған.