Қала аумағында 20 туристік оператор мен 120 аса туристік агенттіктер тұрақты жұмыс жасауда
2023 жылдың қорытындысымен жалпы Шымкент қаласында келген туристер саны 449 098-ге жетті (ішкі туристер саны 420 398, шетелдік туристер саны 28 700 адам) болып отыр.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың І жартыжылдығында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар саласында атқарылған жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Әділханов Бексұлтан Ержанұлы баяндады.
Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 3 айында қалаға 111 733 турист келген.
Айта кету керек, Шымкент қаласында туристерді ең көп қызықтыратын нысандар «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы, «Shymqala» тарихи-мәдени кешені, Бәйдібек би ескерткіші, Зообақ, Сейітжан Қари мешіті, Қошқар ата өзені. Бұдан бөлек, Қазақстандағы алғашқы Дендрологиялық саябақтың да туристер үшін алар орны ерекше.
Аталған нысандардың ішінде Хызыр, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін жылдың соңына дейін, жеке инвесторлардың есебінен абаттандыру жоспарланған.