Оқиға Иляев көшесіндегі 37-көпқабатты тұрғын үйде орын алған.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында 12-қабаттан секіріп кеткен әйел қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Оқиға Иляев көшесіндегі 37-көпқабатты тұрғын үйде орын алған. 45 жастағы әйелдің заттарының арасынан құтыға құйылған жанармайға ұқсас сұйықтық табылды.
Куәгерлердің айтуы бойынша әйел бұл үйдің тұрғыны емес. Сағат 12.00-дер шамасында 12-қабатта біраз отырып, секіріп кеткен. Араға бірер минут салып оқиға орнына жедел жәрдем келіп, полиция қызметкерлері шақыртылды.
Оқиға орнында полицейлер куәгерлерден жауап алып, тергеу шараларын жүргізуде.