Шымкентте 12 жасар бала 8-қабаттан құлап, қаза болды

0
1 735

Баланың жүрегі екі рет тоқтап қалған.


Шымкентте 12 жасар бала 8-қабаттан құлап, қаза болды

Шымкентте 12 жасар бала көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан құлап, қаза болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бөлменің терезесінен құлап кеткен жасөспірім бірден жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда, ақ халаттылар баланы аман алып қала алмады. Қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургтары мен кезекші травматологтар қолдарынан келгенше көмек көрсеткенін айтты. Баланың жүрегі екі рет тоқтап қалған. Ал 23 желтоқсанда, сағат 00:45-те дәрігерлер баланың биологиялық өлімін растады.

Марқұмда жабық жарақат, бас сүйек сынуы, мидың жарақаты, кеуде және іш қуысы жарақаттары, жұмсақ тіндердің бірнеше жарақаты болған. Беті, екі шынтақ буындары көгеріп, қажалған.

Оқиға 22 желтоқсан күні Шымсити шағынауданында болған. Баланың қалай құлап кеткені белгісіз. Бұл іспен айналысып жатқан полиция қызметкерлері әзірге ешқандай ақпарат бере алмайтынын айтты.