Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында жер сілкінді деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 859 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 14,4. MPV магнитудасы – 6,6. Тереңдігі – 200 км. МSК-64 бағаны бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл шамасында сезілді.
"Эпицентрдің координаттары 37.09°С. Е. 70.75°ш. б. тереңдігі 200 км. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ", - делінген жазбада.