Жобаның толық іске қосылуы 2 кезеңнен тұрады.
Шымкентте 2 агро-индустриалды аймақ іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бірінші агро-индустриялды аймақтың жер көлемі 136 га. Онда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жобаның толық іске қосылуы 2 кезеңнен тұрады.
Бірінші: 8 инвесторға 30 га жерге жылыжай салу үшін 12 жылға жалға берілді.
Екінші: 60 га жерге 20 жобаны жүзеге асыру көзделген.
Екіншісі ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі мен сүт өндіру зауытын салу жобалары жүзеге асады.