500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.
көрнекілік үшін сурет: adilettv.kz
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында 2 375 отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия төленді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде 2023 жылы 2 035 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидияланған. Ал 2022 жылы 337 азаматтың аталған әлеуметтік көмекке жолданған өтінімі мақұлданып, жалпы сомасы 203 млн теңгені құрады.
Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады.
Еске салсақ, төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде, 2023 жылы 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.