Шымкентте 2 мыңнан астам отбасыға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары таратылды

0
587

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары 15 шілдеден бастап таратыла бастады.


Шымкентте 2 мыңнан астам отбасыға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары таратылды

Шымкентте 2 мыңнан астам аз қамтылған отбасыға дәрі қобдишалары тегін таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында COVID-19 ауруының алдын алу аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары 15 шілдеден бастап таратыла бастады.
Бүгінгі күнге дейін 2173 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы дәрі қобдишаларын алды. Жалпы қалада атаулы әлеуметтік көмекті алатын 30 мыңнан астам отбасы бар.
Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді. Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.