Жігітті шымкенттік еріктілер іздеп тапқан.
фото көрнекілік үшін m.5-tv.ru сайтынан алынды
ERNUR.KZ. Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған жігіт өлі күйінде табылды.
Ақпаратты Шымкент қаласының полиция департаменті растады.
Бәйдібек Еділбек 14-қаңтар күні Шымкентке көлік құжатын алу үшін келген. Түркістан облысы, Шұбарсу ауданынан қалаға досымен келіп, оны әуежайға шығарып салғаны туралы және содан кейін “ауылға қарай таксиге отырдым” деп әкесімен хабарласқаны белгілі болған еді.
Содан кейін Бәйдібекпен түскі 15:00-шамасында байланыс үзілген. 20 күннен із-түзсіз кеткен жігітті шымкенттік еріктілер іздеп тапқаны еріктілер парақшасында жарияланды.