​ШЫМКЕНТТЕ 20 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

0
414

Емдеу мекемелеріне қатысты арыз-шағым едәуір азайған.


​ШЫМКЕНТТЕ 20 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

Шымкент қаласында емханаларда үздік практика орталықтарын ашу бойынша жол картасы бекітілген. Қазіргі таңда мамандарды оқыту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында бүгінде 20 емдеу орталығы аккредиттеуден өткен. Жыл соңына дейін медициналық ұйымдарды ұлттық аккредитациядан өткізуді 35%-ға жеткізу жоспарлануда.

Бұл туралы қалалық Днсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. Сала басшысының айтуынша, емдеу мекемелеріне қатысты арыз-шағым едәуір азайған. Сондай-ақ жергілікті емханалардың орташа жүктемесі 34 мыңнан 22 мыңға төмендеп отыр.
Биыл қала аумағында өлім-жітім жағдайлары 17%-ға азайды. Қатерлі ісік 5%-ға, ал қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 26%-ға төмендеген.