Шымкентте 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

0
445

2021 жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған.


Шымкентте 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың 9 айлық есебін қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалада 2021 жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, есепті кезеңде 19 347 адам жұмысқа орналасқан.
Басқарма басшысының сөзінше, мемлекеттік бағдарламаның І бағыты бойынша 2 675 адам 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына, ІІ бағытында 2 155 адам «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік курсына оқытуға жолданды. Шағын несиені 53 адам алса, 584 адамға мемлекеттік грант берілді.
Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу) 8 168 адам бос және жаңа жұмыс орындарға, 336 адам әлеуметтік жұмысқа, 2 531 адам жастар практикасына, 2 845 адам қоғамдық және 115 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы бойынша 24 айға жолданды.
Б.Нарбекова халықты әлеуметтік қорғау бағыты жөнінде де айтып өтті. Осы жылдың І тоқсанында 36 969 отбасыға (179 209 адам), ІІ тоқсанда 30 962 отбасыға (149 147 адамға), ІІІ-тоқсанда 19 333 отбасыға (90 177 адамға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленген.