Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласының 18 мөлтек ауданындағы пәтерлердің бірінде азиат нәсілді белгісіз азаматшаның мәйіті табылды, деп хабарлаайды ERNUR.KZ.
Тексеру барысында аталған мәйіттің 2000 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны екендігі анықталды. Мәйітті қарау барысында мойын тұсында қылдындыру белгілері анықталып, сот-дәрігерлік сараптамасының қорытындысымен қылқындырудың нәтижесінде қайтыс болғаны белгілі болды.
Осы жайт бойынша 29 қазанда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай, күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол 1997 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны. Қазіргі таңға, күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылды.