​Шымкентте 200-ден астам жас «Елбасы медалімен» марапатталды

0
773

Шымкент қаласы бойынша 1050 үміткер бағдарламаға қатысқан.


​Шымкентте 200-ден астам жас «Елбасы медалімен» марапатталды

Үшінші мегаполисте спорт, кітап оқу, волонтерлық және дарын мен дағды қалыптастыру секілді 7 бағыт бойынша өздерін дамытып, шеберліктерін жетілдірген «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушылары марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жастар ресурстық орталығында өткен салтанатты жиында медаль иегерлерін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректоры Гүлжан Сүгірбаева, Шымкент қаласы Дарын орталығы директоры Раушан Джеренова және Арман Оспанов, Жазира Жаппарқұл, Дархан Асадилов сынды еліміздің спорт майталмандары марапаттады.

Жиында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы биыл «Елбасы медалі» жастар бағдарламасына Қазақстан бойынша 10 000-нан астам адам қатысуға өтініш бергенін айтты. Оның ішінде Шымкент қаласы бойынша 1050 үміткер бағдарлама қатысқанын атап өтті.

Ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуын көздейді. Бұл бағдарлама қатысушыларға өз қабілеттері мен таланттарын ашуға көмектеседі. Қола, күміс және алтын медальдар жастарға стимул береді. Әрбір қатысушыға қазіргі үйреніп жүрген дағдылары алдағы уақытта қажет болады. Білімді де, дарынды жастар ертең елімізді дамуына өз үлестерін қосады деп сенемін. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылы белсенді, креативті және талантты жастарды қолдау бойынша "Еl Úmiti" бастамасын ұсынған болатын. Бұл өте қажет жоба екенін айтқым келеді, - деді Ш.Мұқан.

Одан әрі іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.