Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында белгілі болды.
Шымкентте 172 жүкті әйел вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қалалық №2 емханасына тіркелген 50 мыңдай тұрғын бар. Олардың ішінде 326 жүкті әйел екпе алуы тиіс. Бүгінде 172 аяғы ауыр келіншек екпе алып үлгерді. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында белгілі болды.
— Жүкті әйелдердің барлығы бірдей екпе ала бермейді. Науқастың жағдайы мен дәрігердің шешіміне байланысты екпе жүргізіледі. Бүгінде жүктілік кезеңіндегі 326 әйелдің 172-сі екпе алып үлгерді. Барлығына бірдей вакцина екпеудің бірнеше себебі бар. Мәселен, біреулерінде екпеге қарсы көрсетілімдер болса, екіншісінің әлі қабылдау уақыты келмеген. Ал, үшіншісі, жүктілікке дейін вакцина қабылдағандар. Оларға босанғаннан кейін 42 күн өткен соң ревакцинация жасалады. Емханаға қарасты 1088 әйел босанған. Оның ішінде екпе алуы тиіс 577 әйел бар. Оның 273-і екпе алды, - дейді Шымкент қалалық №2 емханасының акушерлік-гинекология бөлімінің меңгерушісі Г.Әлмаханова.
— Жүктіліктің 22-ші аптасындамын. Учаскелік дәрігер мен гинекологтың шақыруымен екпе алуға келдім. Дәрігер денсаулығымды қадағалап, екпеге жолдама берді. Бұған дейін коронавируспен ауырмадым. Алайда, баламның денсаулығы үшін екпе алуға шешім қабылдадым, - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Баянсұлу Байғалиол.