Шымкентте 2020 жылы коммуналдық тариф көтерілмейді

0
1 154

2020 жылы коммуналдық тарифтер өзгермейді.


Шымкентте 2020 жылы коммуналдық тариф көтерілмейді

2020 жылы сумен жабдықтау, сарқынды бұру және жылумен жабдықтау үшін тарифтер өзгермейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері тұрғын үй-коммуналдық саласы қызметтерінің тарифтері туралы баяндады.

Мәлеметке сүйенсек, 2019 жылдың 1 қаңтарында жылумен жабдықтау тарифі қала тұрғындар үшін 6055,48 теңгеден 4910,28 теңгеге төмендеген. Ал, есептеуіш құралы жоқ тұрғындар үшін 1 шаршы метрге 142,31 теңгеден 110,78 теңгеге төмендепті.

Сумен жабдықтау бойынша тарифтер 10% төмендеді. 2019 жылы сумен жабдықтау тарифі 300,56 теңгеге түскен. Газбен жабдықтау бойынша 5,8% төмендеді. Яғни, 34,47 теңгеден 32,47 теңгеге өзгертілген.

2020 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі жөнінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, табиғи монополия субъектілері өздері тарапынан тұрғындар үшін тарифтерді төмендетуге және 2019 жылдың деңгейінде қалдыруға шешім қабылдады. Яғни 2020 жылға сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, жылумен жабдықтау қызметтерінің тұрғындар үшін тарифтері өзгеріссіз 2019 жылдың деңгейінде қалдырылды.

2020 жылы тұтынушылармен тарифтердің көтерілуіне жол берілмеуіне 2,32 млрд.теңге үнемделген екен.

"Бүгінге дейін департаментке 585 шағым келіп түскен. Оның 132-сі біздің құзіретімізге жатпағандықтан, басқа мемлекеттік органдарға жіберілді. 241 шағым бойынша толық мағлұмат берілді. 212 арыз-шағым бойынша 36 рет жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Сол тексерулердің қорытындысы бойынша, 53 әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, 106 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Заңсыз алынған кірістер: 286 млн. теңге газ, жылу бойынша 34,7 млн теңге қайтарылды." - Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы.