Шымкентте 210 мыңнан астам адам 42 500 теңге алды

0
546

Әлеуметтік төлем алу үшін 471 971 шымкенттіктен өтініш түскен.


Шымкентте 210 мыңнан астам адам 42 500 теңге алды

2020 жылғы 20 сәуір, сағат 9-дағы жағдай бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін шымкенттік 471 971 азаматтан өтініш түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның 228 223-іне әлеуметтік төлем тағайындалса, 216 379-ның өтініші тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Әлеуметтік төлем алатын 228 223 азаматтың 215 674-і өтініш бойынша ал, 12 549-ы проактивті түрде көмек тағайындалған. Жалпы, бүгінге дейін 210 684 адамға 42500 теңгеден әлеуметтік төлем төленген.