Шымкент қаласы ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!
Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ көліне түскен 23 жастағы жігіт қайтыс болды.
Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабында, шомылуға тыйым салынған Қайнарбұлақ жасанды көлінен суға бату фактісі туралы хабарлама 2024 жылғы 27 маусымда «112» құтқару қызметіне сағат 13.50-де келіп түскен. Құтқарушылар оқиға орнына барып, шомылуға тыйым салынған Қайнарбұлақ жасанды көлінен 2001 ж.т. ер адамның денесін шығарды.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушы және Шымкент қаласы ТЖД 5 қызметкері, 3 техника шықты.
Шымкент қаласы ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!
- шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
- қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
- мас күйінде суға түспеңіз;
- су көліктеріне жақын жүзбеңіз.
- Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!