Қазақстан жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру арқылы бүйрек трансплантациясын жүзеге асырып отырған алты елдің қатарына кіреді.
Шымкент қаласында жергілікті трансплантолог дәрігерлер тобының №1 клиникалық ауруханада жүзеге асырған 240-шы бүйрек трансплантациясы сәтті аяқталды.
37 жастағы әпкесі 2002 жылы туылған інісімен бүйрегін бөлісті. Науқас 2022 жылдан бері созылмалы терминалды бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен нефролог дәрігердің бақылауында болған. Екі жыл бұрын оған бағдарламалық гемодиализ тағайындалды, Мамандар науқасты бір ай бойы отаға дайындап, жуырда бүйрек трансплантациясын жасады. Отадан кейін екеуі де бөлімшеге ауысып, бақылауға алынды. Қазіргі таңда жалпы палатада емін шараларын жалғастыруда.
Қазақстан жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру арқылы бүйрек трансплантациясын жүзеге асырып отырған алты елдің қатарына кіреді. АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Түркия және Үндістанмен қатар біздің елімізде де трансплантология қарқынды даму үстінде. Медицина саласының ең күрделі бағытының дамуына шымкенттік дәрігерлер орасан үлес қосуда.