​Шымкентте 25 мың жүргізуші куәлігі рәсімделді

0
1 435

Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚО 2019 жылдың 7 айын қорытындылап отыр.


​Шымкентте 25 мың жүргізуші куәлігі рәсімделді

Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚО-да 2019 жылдың 7 айында 209 мың мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 25 600 жүргізуші куәлігін берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34%-ке артқан.

Шымкентте барлығы 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 2 мамандандырылған ХҚКО және көші-қон қызметін көрсету орталығы бар. 2019 жылдың соңына дейін қалада тағы бір мамандандырылған ХҚО өз жұмысын бастайтын болады.

Қазіргі уақытта, "Достық" шағын ауданының және К. Төлеметов көшесіндегі мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады. Сондай-ақ мамандандырылған ХҚО ғимаратында жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өтуге болады.Күн сайын мұнда 300 жүргізуші куәлігі беріліп, 1500-ден астам көлік құралы есепке алынады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.

Жыл басынан бері онлайн тәртіпте 1 180 автокөлік тіркеліп, 1 400 жүргізуші куәлігі берілді.