Екеуінің арасында жанжал туындап, азаматша ер адамның кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкентте 29 жастағы әйел жанжал кезінде өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 25 сәуір күні Айбергенов көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған.
"25 сәуір күні Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына 1994 жылы туған азаматшаның өзімен бірге тұратын 1992 жылы туған азаматты қасақана қазаға ұшыратқаны туралы хабарлама түсті. Жедел-тергеу тобы Айбергенов көшесіндегі пәтерде екеуінің арасында жанжал туындап, салдарынан азаматша ер адамның кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрғанын анықтады. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген баспасөз хабарламасында.