Шымкентте 3 күнде 439 құқық бұзушылық анықталды

0
2 442

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы негізінде қоғамдық көлік жүргізушілері тексерілді.


Шымкентте 3 күнде 439 құқық бұзушылық анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында қала аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараны өткізу кезеңінде Шымкент қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласы Әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шымкент қаласы Көлік прокуратурасы қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, Патрульдік полиция полкінің автоэкипаждарымен жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктер тексерілді.

3 күн жалғасқан іс-шараның нәтижесінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған жалпы 439 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.