Шымкентте 30-ға жуық үйдің жертөлесін су басып қалды

0
664

Қала бойынша 2230 м3 су шығарылды.


Шымкентте 30-ға жуық үйдің жертөлесін су басып қалды

Шымкент қаласының аумағында жауын-шашынның салдарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, қала аумағында жердің тоңы 12 см құрап отыр.

Департаменттің бөлімшелері және аудан әкімшілігі 30 мекенжай бойынша су шығару және бөгет жасау жұмыстарына шықты.

Атап айтатын болсақ, Абай ауданы Темірлан тас жолы Закир дүкенінің қасында, Көкжайлау шағын ауданында Төлеметов және Өтегенов көшелерінің қиылысында, Шымсити шағын ауданында 26 үйдің жер төлесінен, Саттарханов, Б.Майлин, Сыпырған ата, Арыстан баб, Іле, Ұста Мұхаммад, Алпамыс батыр көшелерінде, Тельман бөлімшесінде суды шығару жұмыстары атқарылды. Абай ауданы бойынша жалпы 360 м3 су шығарылып, 13 техника, 14 мотопомпа, 54 жеке құрам жұмылдырылды.

Ал, Тұран ауданы Қазығұрт шағын ауданында Бөгенбай батыр,Жандарбеков көшелерінде, 1 мамыр, Юнатов көшелерінде, Бәйтереков және Арғынбеков көшелерінің қиылысында, Құрсай шағын ауданында Қарашығанақ және Ащысай көшелерінде, 4 шағын ауданында Байтулы баба көшесінде, Жаңаталап шағын ауданында жұмыс жүргізілді. Жалпы Тұран ауданына 4 техника, 4 мотопомпа, 20 жеке құрам жұмылдырылды және құм толтырылған 150 каппен бөгет жасалынды.

Қаратау ауданы Нұртас шағын ауданында Гүлдала, Жасталап, Саяғат көшелерінде, Тассайшағын ауданында Атбасар көшесінде, Қайтпас -1 шағын ауданында Жамалов көшесінде суды шығару жұмыстары жүргізілді.

Жалпы Қаратау ауданы бойынша 670 м 3 су шығарылып, 8 техника, 4 мотопомпа, 50 адам жеке құрам жұмылдырылды.

Енбекші ауданы Аширов, Сиреневый, Тайманұлы көшелерінде, А-1 автожолындағы теміржол көпірінің астында, Сайрам көшесі мен Жібекжолы көшесінің қиылысында жұмыстар атқарылды. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша 350 м3 су шығарылып, 9 техника, 5 мотопомпа, 47 адам жеке құрам жұмылдырылды.

Айта кетейік, қала бойынша 30 мекенжайда 2230 м3 су шығарылып, 200 дана қаппен бөгет жасалынды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 200 адам жеке құрам, 32 мотопомпа, 42 техника жұмылдырылды.