Шымкентте 30 қызметкер мен 30 волонтер 30 литр қан тапсырды

0
812

Шымкентте акция өтті.


Шымкентте 30 қызметкер мен 30 волонтер 30 литр қан тапсырды

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Донор күні» қарсаңында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс-шара» акциясы аясында қалалық қан орталығында қан тапсыру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған акцияға төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру қызметінің, «Қазселденқорғау» Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері, сондай-ақ, «Жас отан» жастар қанатының және «Жастар ресурстық орталығының» еріктілері қатысты.
Қан орталығында акцияға қатысушылар толық медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлер тарапынан пайдалы кеңестер алды. Қайрымдылық іс-шарада департаменттің 30 қызметкері мен 30 волонтер 30 литр (әр қайсысы 450 граммнан) тапсырып, «Өмірге үміт сыйлаңыз» игі іс-шараға өз үлестерін қосты.